Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Президенті украиндық дағдарысты барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен шешуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2014
  • 841

Бұған дейін Қазақстан Президенті Украинадағы ахуалды Германия канцлері және Ресей президентімен талқылағаны мәлім. Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельмен тілдесу барысында украиндық дағдарысты барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен шешуді ұсынды.

Қазақстанның Украинадағы аз ұлттар құқығын, сондай-ақ өзінің қауіпсіздік мүддесін қорғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын да Ресей президенті Владимир Путинге жеткізді. Екі диалогта да Қазақстан Президенті «Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу керек» деген өз пікірін айтты.

Сымбат МОЛДАТАЙ