Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасындағы былықтың жаңа деректері жария етілді

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2014
  • 939

Петропавлда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасындағы былыққа байланысты жаңа деректер жария етілді.

Қонысбек Ыбыраев
, Петропавл қаласының прокуроры:

«Солтүстік» басқарушы компаниясы жұмыс аяқталмай жатып, мердігерлердің есепшоттарына 120 млн теңге аударған. Қазір «Эзар» серіктестігі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инспекциясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соңғысы аяқталмаған жұмысты қабылдағаны үшін назарға іліккен болатын. Әзірге
, бас мердігер, яғни «Эзар» компаниясының директоры іздестірілу үстінде.

Аталған мердігер компания жөндеу жұмыстарын 7 үйде аяқтамаған. Прокурорлар қазір нақты шығын көлемін анықтау үстінде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Петропавлда қулықтарына құрық бойламайтын құрылысшылар аталмыш бағдарлама аясында көп қабатты үйлерде жүргізілген жөндеу жұмыстарын жарты жолдан тастап, тайып тұрған. Қазір әкімдіктегілер, қазынадан қосымша ақша бөліп, жаңа мердігерлерді іздеумен әлек. Шенеуніктер, жөндеу жұмыстары күн жылысымен жанданады, деп сендіріп отыр.