Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы «Болашақ» саяжай алабына судан қауіп күшейді

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2014
  • 1262

Қызылордадағы «Болашақ» саяжай алабына судан қауіп күшейді. Саяжай Сырдария өзенінен 20 метр ғана қашықтықта орналасқан. Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылған тұрғындар,  арнамызға шағымданды. Аймақтағы тілшіміз Шарипа Сақтапова тақырыпты зерделеп көрді. «Болашақ» саяжайындағылар қалай болғанда да көшугі мәжбүр екен.


«Болашақтың» 17 үйінің тұрғындары 24 сағаттық кезекшілікке көшті. Үрейленген жұрт Сырдария өзенін бақылауға алған. 11 жылдан бері тұрып жатқан тұрғындар екі рет су астында қалғандарын айтады. 2007-2008 жылдары сең жүріп, адамдар қайықпен құтқарылған. Малдын барлығы қырылып, бағбандық жерлерді су шайып кетіпті. Содан бері көктем келісімен қауіп төнеді.


Мейрамхан Пірназаров,  Болашақ саяжайының тұрғыны:

 

Мына енді 20 сантимер жиектен, жаман қорқыныш болып тұр. Күндіз-түні үйқы жоқ, келіп қайта-қайта көршілерімізбен тексереміз. Сырдария, өздеріңіз білесіздер, ағысы өте жылдам.

 

Айнұр Боранбаева, Болашақ саяжайының тұрғыны:

 

Балаларымыздың бәрі майда, ең үлкенім екінші сыныпта оқиды. Біз еңді тұн ортасында суға кетіп қалған жайғдайда, біздің мына жолымызды көріп тұрсыздар ғой, жол да жоқ бізде, мынау қармен балшықтан біз шығып та үлгермейміз.

 

Ғабит Бодыбаев, Болашақ саяжайының тұрғыны:

 

30 күн ішінде үйлерінді бұзып алып кетіңдер деп қағаз тастап кетіпті, ескерту депті. Бүл жерде кім зансыз салған екен? Сол өздері ғой сол жерді берген.

 

Баспаған тауымыз, қақпаған есігіміз қалмады деген болашақтықтардың бар қалауы - 10 көлік топырақ. Жергілікті билік бөгет салынбайтынын ашық айтты. Ал саяжайдағылар міндетті түрде қауіпсіз жерге қоныс аударуы қажет деп отыр. Өйткені ол аумақта үй тұрғызуға болмайды.

 

Мұрат Тілеуімбетов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:

 

Әу баста берілгенде жерді, саябақ бағбандық мақсатта берілген. Бағбандыққа берілген жерлерге  тұрақты үй салуға болмайды. Бөгет салынбайды. Судың астында қалатын болса, өздері жауап береді. Біз өйткені оларға ескертпе қағаздарын бергенбіз. Мал-текелеріңізді, дуние-мүліктеріңізді, құжаттарыңызды алып, туысқандарыңыздың үйіне ме, су баспайтын аймаққа ауыс деп айтқанбыз.

 

Қайда, қалай көшеді - оған шенеуніктер бас ауыртпайтындарын баса айтты. Тіпті уақытша баспана да ұсынылмайды деді. Десе де бұл жерге халық күні кеше көшіп келген жоқ. Алды 11 жылдан бері орныққан. Енді тұрғындар өздерінің қара күшіне ғана сеніп отыр.

 

Шарипа САҚТАПОВА