Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2014
  • 777

Украинадағы ахуалға байланысты еліміздің сыртқы барлау заңнамасы өзгермейді. Парламент Сенатының  депутаты Григорий Ким осындай пікірде. Бірақ оның айтуынша, елдегі қауіпсіздік үшін  қосымша толықтырулар енгізілуі мүмкін.  Айта өтейік, бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында "Сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды. Жоба  қазақстандық барлаушылардың қызметін жетілдіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «Сырбар» қызметі мемлекеттік органдармен, оның ішінде министрліктермен, ашық әрі нақты жұмыс істеуге мүмкіндік алады деп жоспарланған.


Георгий Ким, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


Еліміздің сыртқы барлау заңнамасы бір мемлекетке бола өзгермейді. Комитет отырысында нақты Украинаға қатысты сөз қозғалған жоқ. Бірақ  соңғы жайттарды ескере отырып, заңнамаға өзгертулер енгізетініміз анық. 


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА