«Балаларымызды мұндай мектепке оқытпаймыз!» Тараздағы №25 мектеп ұжымындағы ұрыстан көңілі қалған ата-аналар осындай шешімге дайын. Еске сала кетейік, өткен жаңалықтарымызда аталған мектеп мұғалімдері мен директоры арасындағы дау туралы айтқан болатынбыз. Шу шыққалы бері 5 күн өтсе де ағарту мамандарының арасындағы айқай әлі басылар емес. Енді бұл жанжалға ата-аналар араласуға мәжбүр. Өйткені ұрыстың зардабы оқушыларға тиіп жатыр. Данияр Әлімқұл жалғастырады.
Өткен жұмада өршіген мектеп мұғалімдері мен директор арасындағы дау осылай
басталған еді. Бүгін оқу ордасының қазіргі ахуалына алаңдаған ата-аналар
балаларын басқа мектепке ауыстыратындарын айтып, дүрлікті.
Айткүл Қосарова, ата-аналар комитетінің төрайымы:
Осындай айқай шудың арасында балалар қалай тәрбие алады? Айтыңдаршы? Не
деген сұмдық мынау деген? Ауыстырамын. Мен ауыстыруға барамын осындай жағдайдан
кейін. Мен қайтіп ол балаға сабақ бергіздіремін. Оқу процесін тоқтатуға
ешкімнің хақысы жоқ.
Оқу процесі расымен кідірген. Ата-аналардың айтуынша, түскі аусымда оқитын
7 бірдей сыныптың оқушысын мектеп әкімшілігі қайтарып жіберген.
Тоты Мандыбаева, ата-ана:
Бүгін балам 3 сабақтан кейін келді. Неге ол сабақ үзіледі? Иә, директор
қайтарып жіберді деп айттып келді. Сол үшін келдім осы жаққа.
Тамара Атшаманова, Тараз қаласындағы №25 мектеп мұғалімі:
Мұның тіреуі мықты. Білгенін істейді бұл кісі. Мінекей үш сабақтан кейін
бүкіл мектепті оқушыны таратып жіберу деген ол жеке меншігі болып тұр ол
кісінің. Бұл кісіге тоқтау бар ма жоқ па? Кім тоқтатады оны. Жұмыстан кетсін
деп талап етіп отырмыз. Енді өзінің сілтегеніндей біз Ақордаға енді кетеміз.
- Неге маған олай қарайсың? - Қалай қарадым? - Анадағыдай көзбен. Қарамаңыз
маған олай. Сізге әрбір жиналысқа кім қатысқанын айтуға міндетті емеспін?
Ұжым тарапынан қолдау таппаған Эльмира Өмірбекованың журналистерге жауабы
осы. Дегенмен директор білім ошағында оқу үрдісін тоқтағанын жоққа шығарып
отыр. Ал қалалық білім бөліміндегілер сабақты үзуге кімнің бұйрық бергенін
білмей дал.
Уалихан Байдуанов, Тараз қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары:
4-5 сабақтардан оқушылардың қайтарылғандығы туралы білім бөліміне ақпарат
келіп түсті. Жиналысты сылтауратып, мұғалімдердің сабақтан қайтарғаны белгілі
болды. Қазіргі таңда кімнің қайтарғандығы, қайтаруға не себеп болғандығы туралы
тексеріс жүргізіл жатыр. Тексеру жұмыстары осы 3 күннің ішінде шығырып, тиісті
жауапты тұрғалаларға шаралар қолданылады.
Әзірге тиісті орындардың тексерістері тиянақталмай жатыр. Ата-аналарды
алаңдатып отырғаны, ұстаздардың арасындағы ұрыс-керіс күннен-күнге ұшығып бара
жатқаны. Ұжымдағы жанжалдан зардап шегетін - шәкірттер болып тұр.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ