АН-72 ұшағының апатқа ұшырауына диспетчерді кінәлау бекер. Мұндай мәлімдемені бүгін тілшілер қауымына Шымкентте жалғасқан сот процесіне келген айыпталушы Қанат Ақылбековтың әкесі жасады.
Жұмабек Ақылбеков, айыпталушы Қанат Ақылбековтың әкесі:
Мән-жайдың бәрі белгілі. Самолет дұрыс емес. Техника ұшқыштардың барлық инструкцияны, технологияның бәрін бұзып отырған өздері. Бірақ қорқынышты болғандықтан, ешкімге айтпай жүре
берген.
27 адамның өліміне себепші болды деп айыпталып отырған әріптесін қолдауға
«Қазаэроновигация» мекемесінің басшылық құрамы да арнайы келді. Жуырда олар Бас
әскери прокуратураның айыптауын жоққа шығарып, ашық хат жазған болатын.
Естеріңізге салайық, шекарашылар мінген әскери ұшақтың құлауына аталған
мекеменің диспетчері кәсіби біліктілігінің төмендігінен жол берді деп айып
тағылған болатын. Абай аудандық сотында өтіп жатқан бүгінгі сот отырысына 27
жәбірленушінің 21-і қатысты.
Алайда судья бейнежазба жасауға санаулы минутқа
ғана кіруге рұқсат берді. Ал куәгерлердің ешбірінің уәжін тыңдауға мұрсат
бермеді. Айтуынша, ақпарат құралдары сотқа кедергі болады.
Кейіннен белгілі
болғанындай, бүгін түске дейін 1 куәгер мен жәбірленуші тараптан 10 адам
тыңдалған. Әуе апатынан қаза тапқан шекарашылардың туыстары болған жайтқа
айыпты адам бәрібір жазалануы тиіс деп санайды. Бүгінгі отырысқа Тұрғанбек
Стамбековтың ұлы да арнайы келіпті.
Алмас Стамбеков, ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының міндетін атқарған Т.
Стамбековтың ұлы:
Сот әділ үкім шығарады деп ойлаймын. Айыпты жазасын алуы тиіс. Бұл жерде
диспетчердің кінәсі бар. Соның салғырттығынан ұшақ әуеде ұзақ кідірген.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ