«Қарағанды
кәмпиті» фабрикасына отандық инвестор келді. Енді олар кәсіпорын жұмысын толық
қуатына жеткізбек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерікбек Ағатанов біздің
арнаға берген сұхбатында айтты. Шенеуніктің сөзінше, он жыл бойы британдық
инвесторлардың қарамағында болған фабрика жарты қуатымен ғана жұмыс істеген. Енді жаңа қожайын «APEX WAY» серіктестігі компанияның бұрынғы даңқын
қайтарады дейді лауазымды тұлға.
Бүгінде кәсіпорын жылына 5 мың тонна тәтті
өнім шығарады. Бұл оның қуаттылығынан бес есе төмен. Жаңа инвестор жаңа
технологиясын ала келмек. Сөйтіп өнім түрлерін көбейтіп, сапаны арттыруды
жоспарлап қойыпты. Өз кезігенде әкімдік қант бағасын тұрақтандырып, отандық
кәсіпкерлерге көмек беруге дайын отыр. Тіпті өнімді сатуда да қол ұшын бермек.
Қазір аймақтағы қант бағасы 130 теңге шамасында.
Ерікбек Ағатанов, Қарағанды
қаласы әкімінің орынбасары:
Готовиться... Өндірісті
жаңартуға дайындалып жатырмыз. Фабриканың жылдық қуаттылығы бес мыңнан 25 мың
тоннаға дейін артады. Сондай-ақ 1100 жаңа жұмыс орны ашылады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ