Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңарған Үкімет бүгін алғашқы жиналысын өткізді

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 1365

Жаңарған Үкімет жұмысқа кірісті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен, Кәрім Мәсімов басқаратын атқарушы билікте айтарлықтай өзгеріс байқалмады. Үкімет мүшелері түгелдей орнын сақтап қалды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.

Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасарлары Гүлшара Әбдіқалықова, Әсет Исекешев пен Бақыт Сұлтанов та орындарында қалды. Соңғы екеуі Индустрия және жаңа технологиялар мен Қаржы министрі лауазымын қос атқарады. Сонымен қатар Үкімет құрамындағы 15 министрлік пен 1 агенттіктің жетекшілері де ауысқан жоқ, қызметін одан әрі атқара беретін болды. 

Жаңарған Үкімет бүгін алғашқы жиналысын өткізді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА