Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда қалалық мәслихаттың экс-депутаты 6 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2014
  • 1441

Алты жыл бас бостандығынан айырылып, бар мүлкі тәркіленеді. Бұндай үкімді сот Ақтау қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайыржан Аргеновке қатысты шығарды. Шенеунік өткен жылдың қараша айында пара алуы кезінде ұсталған.

Еске салайық, ел қалаулысы жергілікті кәсіпкерлердің біріне жер телімін бөліп беруге уағдаласқан. Осы қызметі үшін ол 4 миллион теңге талап еткен. Кейіннен депутаттың бұндай қылығына келіспеген кәсіпкер дереу қаржы полициясына жолыққан. Нәтижесінде Қайыржан Аргенов параны қолма-қол алу барысында ұсталған.

Қаржы полициясы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Себебі, депутаттардың жер телімдерін бөлуге еш құзырлары жоқ. Енді Ақтау қалалық соты экс-депутатқа қатысты сот шешімін шығарды.

Марет
Ковраева, Ақтау қалалық сотының судьясы:

Қайыржан Аргеновты кінәлі деп санап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының 4-тармағы бойынша 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Бар мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі түзету колониясына жеткізілсін.

Мұстақим Түлеев, адвокат:

Енді біз кассациялық және апелляциялық сотқа арыздануымыз керек. Онысыз бізді Жоғарғы сот қабылдамайды. Соттың олқылықтарын анықтап, шағымданатын боламыз.

Жұрағат БАМАН