Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі әрбір бесінше бала зорлық көреді

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 1286

Социологтардың талдауы бойынша еліміздегі әрбір бесінше бала зорлық көреді. Бірақ отбасында немесе балалар үйінде қанша баланың таяқ жейтінін нақты анықтау мүмкін емес. Осы жақында Шымкент қаласында қатарынан екі сұмдық оқиға болды. Бір әйел екі жасар қызын ұрып өлтірді, екінші әйел 5 жастағы қызын өлімші қылып сабап жатқан жерінен ұсталды.

Таяқталған балалардың денесі ғана емес, жаны да жарақаттанатыны айтпаса да түсінікті.

Лимана Қойшиева, психолог:

Адамның бала күнінде жеген таяқтары жан дүниесінде қалып қояды. Сәл бір адам қабағын түйіп қараса, болмаса эмоционалдық көзқарастардың бәрін негативті қабылдайды. Агрессиямен қабылдайды. Соны кемсітіп тұрған сияқты болып, жанына тие береді, болмайтұғын нәрселер.

Баласын өлтіргенше немесе майып қылғанша соғатын психикасы күмән келтіретін жандар қалай жазаланады? Жалпы, қаныпезерліктің белең алуының себебі не? Талдау материалын ертең 20.30. «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ