Русский Сайттың толық нұсқасы

Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы әскери бөлімдер дайындығын тексерді

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2014
  • 1289

Ақтау және Атырау гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдер жоспарлы тексерістен өтті. Оған Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған комиссия қатысты.

Жауынгерлер әзірлігі, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, жеке құрамның жауынгерлік машықтануы тексерілді. Мұнда жойғыш авиация, зениттік зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелер әуе кеңістігін күзетуде. Бас қолбасшы Ақтау және Атырау гарнизондарының атқарған жұмысына оң баға берді, - деп, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сымбат МОЛДАТАЙ