«Қазатомпром» Ұлттық компаниясының» 1,3 миллиардтан астам қаражатын
қалтасына басты деп айыпталған кәсіпкер Розмат Әлібеков қамауға алынды. "Сондай-ақ ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды деп айыпталып, Ішкі
істер министрлігінің тіркеуіне алынды", - деп хабарлайды қаржы полициясы.
Белгілі
болғандай, Әлібеков «Сырдария-жоба Құрылыс» ЖШС басқарып, мердігер ретінде
құрылыс жұмыстары үшін «Қазатомпром» Ұлттық компаниясынан қомақты қаражат алып,
өз мақсатында жұмсамаған.
Мұрат Жұманбай, ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің ресми өкілі:
Әлібековке қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.
Қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА