Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2014
  • 1115

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Кездесу барысында еліміздің қаржы саласы мен банк жүйесінің жай-күйі талқыланды, сондай-ақ халықаралық қаржы нарығындағы ахуал қаралды.

Өз кезегінде Қайрат Келімбетов 2014 жылдың ақпан айында Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 26 миллиард долларға дейін, яғни 6,1%-ға ұлғайғанын хабарлады. Жалпы, елдің халықаралық резервтері ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтерін қосқанда 2,1%-ға өсіп, 97,6 миллиард долларға жеткен.

Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі соңғы оқиғаларға орай сыртқы ахуалдың отандық экономикаға ықпалын ұдайы талдап, мониторинг жүргізуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Біз қазір батыстың айтқанына құлақ асуымыз керек. Біз Кеден одағымен тығыз байланыстамыз. Ресей және Белоруссиямен. Сондықтан қауіп-қатер, шығынды бақылап отыру қажет. Барлық жағдайларды саралап, талдап отыру маңызды.


Жұрағат БАМАН