Русский Сайттың толық нұсқасы

Малайзияның жоғалған ұшағының экипаж мүшелері де, бортта болған жолаушылар да күдікті деп танылды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2014
  • 1077

Малайзияның жоғалып кеткен ұшағы Қазақстанның үстінен ұшқан жоқ. Бұл туралы еліміздің Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев мәлімдеген.

Ал бұл кезде ұшақты іздестірушілер «Боинг-777»-нің бортында болған 237 жолаушының барлығы дерлік және екі ұшқыш күдіктілердің қатарына қосылғанын хабарлады. Сөйтіп, бортта болғандардың әрқайсысының өмірі жіті зерттелмек. Тек балалар мен қарттар ғана күдіктілер қатарына қосылмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Malaysian Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпурдан Бейжіңге бет алған ұшағы 8 наурыз күні жоғалып кетті. Қазір оны іздеуге 25 мемлекет тартылды. Апат орын алатындай ауа райы қолайсыз болмады, сондықтан ұшақты белгісіз біреулер айдып кетуі мүмкін немесе лаңкестердің шабуылы деген болжам бар.

Илхам ИБРАГИМ