Қарағандының газ құбырларының 80% ескірген. Бұл туралы деректерді «Әлем газ» компаниясының директоры Игорь Русаков
келтіріп отыр.
Оның пайымдауынша, үй іші және
магистральдік құбырлардың ауыстырылмағанына 15 жыл өткен. Қайта жаңғырту қолға
алынбаса, жағдай тым қиындап кетуі мүмкін, дейді. Бұл дәлел соңғы болған жарылыс. Ол кезде 1 адам қаза тауып,
13-і зардап шеккен еді.
Игорь Русаков, «Әлем газ» компаниясының директоры:
Апат салдары неден екенін саралап бір түйін шығарулары керек елдің. Сақтық шаралары дұрыс жүргізілмеуде. Ешкім білмейді,
тексеру жұмыстары қашан өткізілгенін. Бәлкім 15, тіпті 20 жыл болуы мүмкін.
Сондықтан,
барлық қажетті шараларды қолданып, жөндеу жұмыстарын бастау керек.
Қазіргі таңда Қарағандыда 500-ден
астам тұрғын үйдің газ жүйесі жарамсыз. Газ
таратушы компания өкілдерінің айтуынша, әр пәтердің көгілдір отын құбырларын
тексеру үшін тұрғындар мың теңгеден өтеулері керек. Дегенмен, көбінесе газ баллондарына үйреніп алған жұртшылық,
сақтықтан гөрі қалталарының қалыңдығын ойлайтын көрінеді.
Жұрағат БАМАН