Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің офицеріне қатысты іс сотқа жолданбақ

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2014
  • 870

Ақтөбеде пара алу үстінде тұтылған, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің офицеріне қатысты іс сотқа жолданбақ. Бұл жайында облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі ақпарат таратты. Құзырлы орынның дерегіне сенсек, офицер Мұрат Айтбеков "жұмысқа орналастырамын" деп жергілікті тұрғыннан 125 мың теңге бопсалаған.

Шекарашы қызметінен үмітті жігіт тиісті құжаттарын жинап, арнаулы тексерістен өтеді. Тек ішкі әскердің штаттық психологының қабылдауынан сүрінеді. Себебін анықтауға офицер Мұрат Айтбековке жолыққанда, ол психологтың шешімін өзгертуге болатынын айтқан. Ол қызметі ақылы екенін де ескертіпті. Қаңтар айында қаржы полицейлері офицерді қылмыс үстінде қолға түсірген болатын. Ол қазір үй қамауында отыр. 


Махаббат Дармышева, Ақтөбе облысы бойынша ЭҚСЖҚК департаментінің баспасөз хатшысы:


ҚР ҚК-не сәйкес жасаған қылмысы үшін Айтбековке 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Мүлкін тәркілеу арқылы.


Мансұр ЕСҚОЖИН