Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаржы полициясы жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия әзірлеуде

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2014
  • 2843

Қаржы полициясы жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия әзірлеуде. Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі оффшорға кетіп жатқан қаражаттың шығу тегін де тексеру құзырын кеңейткісі келіп отыр. Бұл туралы қаржы полициясы агенттігі жанындағы жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында мәлімденді.

Агенттіктің ақпараттық-сараптама департаментінің бастығы Олжас Бектеновтың айтуынша, жаңа стратегия қазіргі салалық бағдарламаны алмастырмақ. Заң жобасына енгізілмек өзгерістерде бірнеше мәселелер басты назарға алынбақ. Оның ішінде отандық кәсіпкерлердің қаражатты оффшорға аудару мәселесі, бұған қоса қазақстандық стратегиялық компаниялардың шетелге үздіксіз ақша аудару жүйесіндегі ашықтық проблемалары қарастырылмақ. «Бүгінгі күні компаниялардың ақырғы бенефициарын анықтау мүмкіндігі шектеулі болып тұр», - деп қорытындылады Бектенов. 


Олжас Бектенов, ҚР ЭҚСЖҚК агенттігінің ақпараттық-сараптама департаментінің бастығы:


Оффшорлық құзырет заңсыз түрде, оның ішінде жемқорлық әрекет арқылы жинаған қаражатты ресмилендіруге мүмкіндік туғызады. Соның салдарынан арам ақша кейін шетелдік инвестициялар кейпінде Қазақстанға қайта оралып жатады.


Жұрағат БАМАН