Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдығына және 18 сәуірде өтетін 21-сессиясына дайындалуда

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2014
  • 1582

Достық үйлері гүлдене түспек. Қазақстан халқы Ассамблеясы оларды дамыту мақсатында арнайы концепция дайындап қойған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ассамблея төрағасының орынбасары, секретариат жетекшісі Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Ассамблея мүшелерінен құрылған парламенттік топ өкілдері бас қосқан жиында Ассамблеяның 20 жылдығына және 18 сәуірде өтетін Ассамблеяның 21-сессиясына қарқынды дайындық жүріп жатқаны сөз болды. Сессия «Қазақстан - 2050» стратегиясы - бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбының аясында өтпек. 


Ералы Тоғжанов, ҚХА төрағасының орынбасары:


Ассамблея сессияға жай келе жатқан жоқ. Үлкен дайындықпен келе жатыр. Өздеріңізге белгілі, өткенде өткен сессияда ҚХА 2020 жылға дейін даму стратегиясының концепциясы дайындалды. Ол концепция негізінде бір жылда өткізілетін дамудың концепциялары белгіленді. Сонымен қатар нақты үлкен іс-шараның бірі біздің жұмысымызға байланысты Қазақстан бойынша жүретін "Бейбітшілік және Келісім" үлкен жол картасы басталған болатын. Сондықтан осы үлкен шаралар бір жыл ішінде жүріп, өз жұмысын бастап кетті.


Айгүл ӘДЕПБАЙ