Русский Сайттың толық нұсқасы

Ержан Өтембаев өзіне қатысты сот үкімімен келісті

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 875

Ержан Өтембаев сот шешімін қайта қарау сұраған жоқ. Бұл жөнінде Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысы Меруерт Қамбарова мәлімдеді. Сөйтіп оның жаза өтеу мерзімі өзгеріссіз қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Парламент Сенатының бұрынғы аппарат басшысы 2006 жылы 20 жылға сотталған еді. Оның, Алтынбек Сәрсенбаев пен жақтастарының өліміне қатысы бары дәлелденген болатын.

Алайда өткен жылы атышулы істің жаңа фактілері шықты. Тапсырысты орындап, қолын қанға былғаған Рустам Ибрагимов қылмысты оқиғаның шын тапсырыс берушілері - Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев екенін жайып салған еді. Сөйтіп Өтембаевтың жазасы 13 жылға дейін қысқартылды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ