Русский Сайттың толық нұсқасы

NCOC компаниясы Қашағандағы апат орын алған газ құбырын толықтай алмастыратын болды

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 1157

NCOC компаниясы апат орын алған газ құбырын толықтай алмастыратын болды. Бұл туралы біздің арнаға компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, Қашаған кен орнынан алғашқы коммерциялық мұнай алу жобасы газ құбырында апаттың орын алуына байланысты белгісіз уақытқа шегерілген еді.

Қазір мұнай және газ құбырын тексеру әлі де жалғасуда. Тексеріс пен зертханалық сынау нәтижелері биылғы жылдың басында жариялануы тиіс болатын, бірақ кейін алғашқы тоқсанына қалдырылды. Енді компания ақаулы құбырды алмастырамыз деп отыр.


"Мұнай және газ құбырын алмастыру үшін қажетті жұмыс көлеміне байланысты (егер де мұндай жұмыстарға қажеттілік туындаса), қажетті құбыр бөліктерінің саны анықталады. Сақтық шарасы ретінде және уақыт жоғалтпау мақсатында, Консорциум түрлі сценарий бойынша жеткілікті болатындай мөлшерде құбыр бөліктерін әлеуетті түрде сатып алуға қатысты тендерлік процесті бастады."


Айта кетейік, Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталған болатын. Алайда, 24 қыркүйекте Д аралынан «Болашақ» зауытына тартылған жерүсті құбырда газ көлемінің кемуі анықталып, кен орнын пайдалану жұмыстары уақытша тоқтатылды. Содан бері жан-жақты тексеру жұмыстары жалғасып келеді.


Базаргүл ІЗІМОВА