Русский Сайттың толық нұсқасы

Наурыз мерекесіне орай Астанада бұрын-соңды болмаған шаралар өтеді

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 792

Ауа райының кез келген құбылысы Наурыз тойын атап өтуге кедергі келтірмейтіні анық. Бүгіннен жер-жерлерде Ұлыс ұлы күнін атап өту басталып кетті.

Ал Астанада да бұл күн қызыққа толы болмақ. Дәл қазір «Қазақ елі» монументі алаңында халықтық сауық пен мерекелік концерт басталуда. Ол ертең де жалғасады. Шараға танымал өнер жұлдыздары қатысады деп күтілуде. Халықтық сауық кезінде түркі халықтарының ұлттық тағамдары фестивалі өтеді.

Ал әкімдік алаңында келушілерге ыстық бауырсақ ұсынылады. Ал кешке Наурыз мерекесіне арналған шаралар қыза түспек. Осылайша күллі қазақ елі жыл басы - Наурызды думандата атап өтпек. "Астана" арнасының тілшілері қазір мерекелік түсірілімдерде жүр. Алдағы шығарылымдарда толығырақ айтамыз.

Илхам ИБРАГИМ