Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 712

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды әз-Наурыз мейрамымен құттықтады. Елбасы елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдында Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мәдени шараға қатысты.

Өз сөзінде мемлекет басшысы «Ұлыстың Ұлы күні дегеніміз - мемлекеттің ұлы мерекесі» екенін айтты. Күн мен түн теңесіп, көктем басталып, бүкіл адам да, жануарлар да осы кезде тіріліп, табиғатпен бірге оянатын тамаша кез», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президенттің атап өтуінше, жылда тойланатын әз-Наурыз осыдан 23 жыл бұрын Қазақ елінің тәуелсіздігімен бірге қайта жаңғырды. Содан бері бұл мереке елдің бірлігіне, татулығына қызмет етіп келеді.

Сымбат МОЛДАТАЙ