Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғалған Малайзия ұшағы Үнді мұхитының оңтүстігінде апатқа ұшыраған деген болжам бар

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 1178

Соңғы жаңалықтарға қарағанда наурыздың 8-нен бері ғайып болған Малайзия ұшағы Үнді мұхитының оңтүстігінде апатқа ұшыраған деген болжам бар. Австралия мамандары спутниктер арқылы суда қалықтап жүрген заттарды байқаған. Бірінің ұзындығы 24 метрге жетеді екен. Ендігі мақсат әлгі заттарды сапалы түсіріп алуға тырысу. Боингтің сынықтары «қалқып жүр» деген мұхиттың бұл аймағы Австралияның батысында орналасқан Перт қаласынан 2 мыңнан аса шақырым. Алайда отандық авиация ардегерлері ұшақ бір жерге қонуы мүмкін деп жорамалдайды. 


Әбжан Тілеулесов, ардагер-ұшқыш:


Моя версия в данном случае - произвели посадку, наверное, на каком-то участке земли. Возможно, до сих пор и сидят там. А просто исчезнуть 200 с лишним пассажиров и такой мощнейший самолет «Боинг - 777» не может же быть.


Жоғалған ұшақтың жұмбағы қашан шешіледі? Жорамалдар мен алуан пікір! Ертең - 20.30 «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасын көріңіздер.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ