"Қазақ рухы және жылқы". Оралда дәл осындай атаумен тарихи көрме
ашылды. Мұнда қазақтың төл тарихымен тікелей байланысты құнды
жәдігерлер қойылған. «Аттылар әулет» аталған ежелгі көшпенділердің салт-дәстүрі
мен тұрмыс-тірлігінен хабар беретін археологиялық қазба деректердің әрбірі
өзінше құнды.
Кезінде еліміздің әр түкпірінен жиналған бұл жәдігерлер қазір
мұражай қорында сақталады. Олардың ішінде 1757 жылы ауқатты отбасыға тиесілі
ат-әбзелдерін айтуға болады. Бұл бұйымдар алтынмен апталып, күміспен күптелген.
Бұған қоса қазақ халқының күнделікті тұрмысы туралы суретшілердің әр жылдарда
салынған туындылары да қойылған.
Еркін ҚАРИН