Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда "Қазақ рухы және жылқы" атаулы тарихи көрме ашылды

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 1723

"Қазақ рухы және жылқы". Оралда дәл осындай атаумен тарихи көрме ашылды. Мұнда қазақтың төл тарихымен тікелей байланысты құнды жәдігерлер қойылған. «Аттылар әулет» аталған ежелгі көшпенділердің салт-дәстүрі мен тұрмыс-тірлігінен хабар беретін археологиялық қазба деректердің әрбірі өзінше құнды.

Кезінде еліміздің әр түкпірінен жиналған бұл жәдігерлер қазір мұражай қорында сақталады. Олардың ішінде 1757 жылы ауқатты отбасыға тиесілі ат-әбзелдерін айтуға болады. Бұл бұйымдар алтынмен апталып, күміспен күптелген. Бұған қоса қазақ халқының күнделікті тұрмысы туралы суретшілердің әр жылдарда салынған туындылары да қойылған.


Еркін ҚАРИН