Русский Сайттың толық нұсқасы

Наурыз мерекесін қарағандылықтар да тойлап жатыр

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 1269

Әз наурызды қарағандылықтар да тойлап жатыр. Кеншілер қаласының мыңдаған тұрғындары тәуелсіздік алаңы мен саябақта жиналды. Жұртшылық көп тігілген киіз үйлерде наурыз көже ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Жастар алтыбақан теуіп, дәстүрлі ойындар ойнады. Арнайы шақыртылған "Ялла" тобы ән шырқап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ концерттік бағдарламада Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының шығармашылық ұжымдары өнерлерін көрсетті.


Саят Бейсенов, қала тұрғыны:


Осы алаңға өзіміздің Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауға шығып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Халқымызға бірлік, береке тілейміз.


Жұрағат БАМАН