Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да «Нұр Отанның» шапағатын көргендер аз емес

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2015
  • 1182

Бірақ «Нұр Отан» партиясының көмегіне жүгінген батыс қазақстандықтардың саны жыл санап азайып келеді. Нұр отандықтардың өздері мұны шағымданушылардың мәселелері дер кезінде шешілгендігімен байланыстырады. Мәселен, жыл басынан бері 2 мыңдай арыз түссе, соның 30 пайызы оң шешімін тапқан. 

Нұрболат 30 жыл бойына аудандық мәдениет үйінде еңбек етіпті. Ал, қазір қаладағы Салтанат сарайындағы той атаулы Нұрболатсыз өтпейді. Дыбыс режиссері жастардың неке қияр сәтін әуенмен әрлейді.

Нұрболат Шакилов, Орал қалалық Салтанат сарайының қызметкері:

Қалаға көшіп келгелі бір жылдай болды жұмыссыз жүргеніме. Содан «Нұр Отан» партиясына барып, көмек қолын созуын өтіндім. «Нұр Отан» партиясы менің сөзімді жерге тастамай, көмектесті. Қазір осы Салтанат сарайында дыбыс операторы болып жұмыс жасап жүрмін. «Нұр Отан» партиясына алғысым шексіз.

Ал мына алаң ойын баласына толы. Тұрғындар бұрын батпаққа баттасқан жердің әдемі алаңға айналғанына таң-тамаша.

Гүлім Каримова:

Балаларымыз келіп ойнайды, өте қуаныштымыз. 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар футбол ойнайды. Осындай кішкентай балғындарды да ойнатамыз. "Нұр Отан" партиясына осындай балалар алаңын салып бергені үшін рахмет айтамыз.

Жыл басынан бері оралдықтардан қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2 мыңдай арыз-шағым түскен. Жергілікті депутаттар, біраз мәселенің шешімін таптық, деп отыр. Тіпті сот шешіміне наразылығын білдірген азаматтардан да өтініш түскен. Олар тиісті органдарға жолданыпты.

Гүлжан Мұхтарова, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Көбінесе азаматтардың басым бөлігі баспанамен қамтамасыз етуге, еңбекке орналастыруға, материалдық көмек көрсетуге және зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшерін көбейтуге қатысты. Атап айтсақ, сол өтініштердің 30 пайызға жуығы қазіргі таңда оңтайлы шешімін тапты.

Ал жетім балаларға арнап банктерде арнайы есеп-шот ашылыпты. Бұл шотқа кез-келген жанашыр жан ақша сала алады. Ал бала кәмелет жасына жеткен соң, жиналған қаражатты өз мұқтажына жұмсамақ. Әзірге ана-ана мейірімінен ерте айрылған Оралдағы 160 балаға салым жинақталуда.

Еркін КАРИН