Русский Сайттың толық нұсқасы

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Елбасы бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1152

Қазақстан Президенті Нидерланд Корольдігіне ресми сапарының және Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит жұмысының қорытындылары бойынша брифинг өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд елі Қазақстанның басты инвесторы екеніне тоқталып, екі мемлекет арасындағы тауар айналымы - 10 миллиард долларға жуықтайтынын айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан үшін Нидерландтың ауыл шаруашылық саласындағы тәжірибесі де маңызды, деді ол. Президент - Еліміз Ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші саммиттің белсенді қатысушысы және әлемдегі ірі Семей ядролық полигонын жапқан, зымырандық-ядролық арсеналдан бас тартқан мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі болып саналатынын да тілге тиек етті.

Бұдан бөлек, брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және «Үлкен сегіздіктің» мүшесі болып табылатын көптеген ірі мемлекеттер басшыларымен екі жақты кездесулер болып өткенін, онда екі жақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары талқыланғанын айтты. Украинада болған оқиғалар интеграциялық үдерістердің барысына ықпал етпейді, Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы негізгі шартқа қол қою жөніндегі жұмыстар жалғасады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА