Вашингтондағы лай көшкін салдарынан 24 адам мерт
болды. Тағы 176-сы жоғалғандар санатында.
Президент Барак Обама штатта төтенше
жағдай жариялады. Өзен бойындағы тұрғындарды эвакуациялау жұмысы жалғасып
жатыр. Қазір мамандар іздестіру және құтқару операцияларын жүргізуде.
Құтқару жұмыстарына сондай-ақ, бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.
Естеріңізге салсақ, сенбі күні
Вашингтон штатындағы Стилагуамиш өзені жағалауындағы балықшылар ауылын лай
көшкіні басып қалған. Оған қатты нөсер себеп болды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА