Русский Сайттың толық нұсқасы

Вашингтондағы көшкін салдарынан 24 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1098

Вашингтондағы лай көшкін салдарынан 24 адам мерт болды. Тағы 176-сы жоғалғандар санатында.

Президент Барак Обама штатта төтенше жағдай жариялады. Өзен бойындағы тұрғындарды эвакуациялау жұмысы жалғасып жатыр. Қазір мамандар іздестіру және құтқару операцияларын жүргізуде. Құтқару жұмыстарына сондай-ақ, бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.

Естеріңізге салсақ, сенбі күні Вашингтон штатындағы Стилагуамиш өзені жағалауындағы балықшылар ауылын лай көшкіні басып қалған. Оған қатты нөсер себеп болды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА