Русский Сайттың толық нұсқасы

Британ ханзадасы Қазақстанға қыдырып келмек

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1247

Ұлыбритания ханзадасы Қазақстанға романтикалық саяхат жасамақ. Бұл туралы Mirror басылымы хабарлады.

29 жасар Гарри өзiнiң сүйiктiсi Крессида Бонастың қолын осында сұрайды деп күтілуде. Ханзада әдеттегi швейцариялық тау шатқалдарының орнына Қазақстанның курортты аймақтарын жөн көрді, деп хабарлайды басылым.

Айта өтейік, корольдік жанұя соңғы 30 жыл бойы Швейцарияның Клостерс тау шаңғысы курортында демалуды дәстүрге айналдырған. Дегенмен, Гарри дәстүрге мойынсұнбаған тәрізді.