Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудағы Еркінқала ауылында жаңа емхана пайдалануға берілді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 3030

Атыраудағы Еркінқала ауылында жаңа емхана пайдалануға берілді. Бұл қуанышты ауыл халқы 23 жылдан бері күткен еді.

3 мың 500 халқы бар Еркінқала ауылында 20 жылдан бері бірде-бір жаңа нысан салынбады деп біздің арна бейнематериал ұсынған еді. Ескіден келе жатқан дәрігерлік амбулатория әрі тар болатын. Кішкене сәбилер мен ауырып келген науқастар бір дәлізде дәрігер кезегінде отыратын. Енді соңғы заманауи техникамен жабдықталған медициналық мекемеге халық балаша қуанды.

Алғашқы медициналық көмекті дәрігерлік амбулаториядан алуға барлық жағдай жасалған. Онымен қоса, қосымша тіс кабинеті, күндізгі емхана, дәріхана да бар.

Айжан Қалешова, Еркінқала ауылының тұрғыны:

Қуанышымызда шек жоқ, айналайын. Себебі, адамға ауа, су, жылу, жарық, тамақ қандай керек болса, дәрігердің көмегі сондай қажет. Сондықтан да біз емханамыздың жаңарғанымызға өте қуаныштымыз.

Жамал Сапиева, Еркінқала дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері:

23 жыл жылдан бері күтіп жатқан Егеменді Қазақстан болғалы мерекеміз. Біз бұрын осыған дейін өте ескі, бұрынғы колхоздың ғимаратында тұрдық. Соған қарамастан, медицина қызмектерлері өздерінің еңбектерін жақсы етіп атқарды. Бұл ғимаратта жаңадан күндізгі емхана жұмыс жасайды. Дәрігерлік амбулаторияға қатысты барлық медициналық құрал-жабдықтар берілген.