Русский Сайттың толық нұсқасы

Омбыдағы сүт зауытының қызметкерлері өндіріс орнында сүтке шомылған

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1196

Желідегі суреттен кейін Омбыдағы ірімшік фабрикасы дауға қалды. Себеп, әлеуметтік желі арқылы жұмысшылардың сүтке шомылған суреті тарап кеткен.

Ванна толы аққа сүңгіген бұл жігіттер жаңа жылды жұмыс орнында тойлапты. Фото авторы Артем Романов осы мекеменің қызметкері көрінеді. Сондай-ақ, көңілді жұмысшылар әйгілі «бұрым» ірімшігін әзірлеп жарысып жатыр. Көріп тұрғандай, кәсіпорында тазалық талаптары жетісіп тұрған жоқ сияқты.

Желіде тарап кеткен жиіркенішті суреттер тұрғындардың наразылығын туғызды. Жақын күндері Ресей тұтынушылар құқын қорғау одағы сүт фабрикасын жіті тексермек. Ваннадағы өнімнің қайда жаратылғаны да анықталатын болады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА