Русский Сайттың толық нұсқасы

Британдық ханзада Шымбұлақта демалып қайтты

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1197

Гарри ханзада Шымбұлаққа демалуға келді деп жазады «Daily Mail» газеті. Ұлыбритандық ханзада Алматыға Крессида Бонас атты қызын қыдыртып әкеліпті. Британ тақ мұрагері мен оның болашақ қалыңдығы сән-салтанаты жарасқан демалыс үйіне тоқтаған.

Ал Шымбұлаққа олар тікұшақпен жеткізілген. Елизавета патшайымның немересі жабық ойын-сауық кешіне қатысады деп күтілуде. Ханзаданың достары осы демалыс мезгілінде Гарри Крессидаға үйлену туралы ұсыныс жасайды деп үміттенеді.

Айта кетерлігі, Гарри қазақ топырағын басып отырған британдық патшалар әулетінің алғашқы өкілі емес. Бұған дейін оның туысы Эндрю ханзада елімізге бірнеше мәрте келген еді.

Ал Daily Mirror басылымы, Қазақстан жақын болашақта еуропалықтар арасында танымал демалыс орнына айналуы мүмкін деп жазады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ