Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік ана бауыр еті баласын ұрып өлтірді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 2014

Шымкенттік ана бауыр еті баласын ұрып өлтірді. Екі жасар бүлдіршін аяусыз төмпештеуден көз жұмған. 38 жастағы келіншек төрт жасар қызын да ес-түссіз халге жеткізіпті. Полицияға көршілері хабар берген. Сәбидің денесі өз үйінде табылды. Қабырғадағы қан іздері аяусыз соққылағаннан қалған.

Қазір екі қызын бірдей өлімші етіп сабаған әйел қамауда. Өз айыбын толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Тергеу деректеріне сай, күдіктінің мұндай қатігез әрекетіне күйеуіне деген ашу-ыза себеп болған.


Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:


Күйеуімен ажырасып жатқан және осы жәйттің бәрін ол балаларынан көрген. Соған байланысты ол сол күні ішімдік ішіп, осындай балаларын ұрып-соққан. Күйеуі сол кезде қайда болған? - Күйеуімен тұрмайды, екеуі де. Тек қана екі баласымен тұратын болған.


Қазір келіншектің ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды. Оның үлкен қызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Төрт жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның халі тым ауыр болғанын айтады. Алты күннен бері ес-түссіз жатқан балақай бүгін есін жия бастапты.


Тимур Бегманов, ОҚО балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:


Қараған кезде үстінің бәрі, бет аузы, денесінің бәрі көгерген. Бір күнде көгерген нәрсе емес. Диагнозы - жабық бас ми жарақаты. Мидың шайқалуы 1-дәрежелі. Және денесінің көптеген көгерулер, ісінуі және сырылуы.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ