Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғалған ұшақтың 100-шақты сынығы Үнді мұхитынан табылды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1397

Үнді мұхитынан табылған 100-ден астам сынық жоғалып кеткен малайзиялық ұшақтың қалдықтары болуы мүмкін. Белгісіз бөлшектерді Францияның жер серіктері байқап қалған. Бұл жөнінде Малайзия көлік министрі мәлімдеді.

Сынықтар Аустралия маңынан табылды. Арнайы өткізген баспасөз мәслихатында Хишамуддин Хусейн кей бөлшектердің ұзындығы 20 метрден асатынын хабарлады. Бұған дейін жергілікті билік бойнг суға батып кетті, тірі қалғандар жоқ, деген еді. Ал жолаушылардың туыстарына 5 мың доллар өтемақы ұсынылды. Алайда заңгерлер олардың бір адамға 175 мың доллар талап ете алатынын айтады. Бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі бар «Боинг-777» ұшағы 8-наурызда радардан жоғалған. Ол Куала-Лумпурдан Бейжіңге бет алған еді.

Хишамуддин Хусейн, Малайзия көлік министрі:

Жер серіктерінен алынған ақпаратты сараладық. 400 шақырым аумаққа 122 сынық шашылған екен. Ұзындығы бір метрден бастап 23 метрге дейін жететіндері бар. Ол бөлшектер Аустралияның Перт қаласынан 2557 шақырым қашықтықта табылды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ