Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда бұзақылар Тарас Шевченконың ескерткішін бүлдірген

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 901

Ақтауда тас мүсіндерді қорлау тиылар емес. Бұзақылар Тарас Шевченконың ескерткішін бүлдірген. Есет деген азаматты достары ерекше құрметтейтін болса керек, ескерткішке «туған күніңмен» деп жазып кеткен. Мамандар мұндай олқылықты түзетуге едәуір уақыт кетеді деп отыр.

Сондай-ақ ұлы күйші Құрманғазының ескерткішіндегі жазудың «А» әрпі ғайып болған. Жәдігерлерді бақылайтын жергілікті компания қызметкерлері болса, мұндай өрескел қылықты жасөспірімдер жасауы мүмкін дейді. Айта кетсек, мұндай оқиға Ақтауда бірінші рет болып отырған жоқ. 


Базар Қуанышбеков, «Каспий оперейтинг» ЖШС бас инженері:


Бұл жерге бейнекамералар қойылса, көп қиындық болмас еді. Сонда кімнің не жазып жатқанын тәртіп сақшылары да біліп отыратын еді.