Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 907

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Елбасы қала билігімен жиналыс өткізіп, шаһарды одан әрі дамытудың жолдарын қарастырды. Ал түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен жолықты.

Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен саяси ахуалды талқылады. Сондай-ақ қос мемлекеттің экономикалық жағдайы да сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, 2011 жылдан бері Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 40 пайызға арта түскен. Елбасы бұл көрсеткіштің екі елге де пайдалы екендігін атап өтті. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Қазақстанның осы жылдардың ішіндегі Қырғызстанға құйған инвестициясы да 1 миллиард доллардан асты. Бірақ алдымызда жасайтын шаруалар көп. Бәрін ақылдасамыз, келісеміз. Мемлекет аралық комиссияны өткізуіміз керек. Биылғы жылы, құдай қаласа, Астанада күзге қарай деп отырмыз.


Досжан МАРАТҰЛЫ