Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының ірі қара малы бруцеллезге шалдыққан

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1216

Қарағанды облысы Қойбас ауылында бруцеллез індеті ушығып барады. Инфекциялық ауруды алпыстан астам қара мал жұқтырған. Бұндай ауру тараудың белгілері Абай ауданында бес жыл бойына байқалмаған. Әзірше дәрігерлер ауру ошағын анықтай алмай отыр.

Ауыл басшылығының пайымдауынша, «үй жануарларын» бақылау ісі өткен күзде жасалған. Ол кезде аурудың еш белгілері байқалмаған. Алайда биыл қар ерісімен ауру тарала бастаған. Ендігі ретте дәрігерлер бруцеллездің адамдарға жұғуынан қауіптеніп отыр. Денсаулық сақтау мамандары сақтық шараларын нығайту мақсатында жұртшылыққа тек тексерілген сүт және ет өнімдерін тұтынуды сұрауда.

Әлібек Әліпбеков, Сарепта аулының әкімі:

Инфекция ошағы әлі де анықталған жоқ. Қазіргі таңда ауылға мал әкелінбейді және сыртқа да шығарылмайды. Профилактикалық шаралар қолданудамыз. Барлық залалсыздандыру жұмыстарымен облыстық эпидемиялогиялық жасақтың қызметкерлері айналыспақ.

Жұрағат БАМАН