Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысырда қорғаныс министрі президент сайлауына қатысу үшін отставкаға кетті

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1274

Мысырдың қорғаныс министрі фельдмаршал Абдель-Фаттах аль-Сиси министр мен армия қолбасшысы қызметінен босатылды. Бұл жөнінде ол халыққа арнаған үндеуінде мәлімдеді.

Шенеунік осылай сәуір айында болатын президент сайлауына дайындалуда. Енді министрліктің бұрынғы басшысы президенттікке басты үміткердің санатында. Теледидардан аль-Сиси әр мысырлыққа елдің бірлігі мен өркендеуіне сонымен қатар ел тұрақтылығына аянбай еңбек ететінін айтты.

Мұндай мәлімдемеге «Мұсылман-бауырлар» ұйымының өкілдері күмән келтіруде. Оған себеп, сот аталмыш ұйымның 529 мүшесін өлім жазасына кесуі. Салдарынан Александриямен Каирда полициямен қақтығыс болды. Адамдар құзіретті орын шығарған үкімді қайта қарауын талап етуде. Ал, «Рейтерс» агенттігі бір адамның өлімі жайында хабарлап отыр.