Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбританияда Березовскийдің өліміне қатысты жаңа деректер анықталды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 893

Ұлыбританияда Борис Березовскийдің ісі сотта қайта қаралады. Сот ресей оллигархы өлімінің себеп салдарын нақтыламақ. Егерде өлімге біреулердің қатысы бары анықталса, іс қайта тергеуге жіберіледі. Березовский осыдан бір жыл бұрын Аскотда, өз үйінің жуыну бөлмесінде асылып көз жұмған жерінен табылды. Күні бүгінге дейін бірнеше зерттеулер жүргізіліп, айғақты дәлелдер жинастырылды.

Бұдан бұрын Борис Березовский өзіне өзі қол салды деген ресми хабар таратылған болатын. Алайда істің әлі де көлеңке тұстары жетерлік.

Нақтырақ айтсақ, полиция өлім орнында табылған саусақ іздерінің кімге тиесілі екенін әлі де анықтай алмай отыр. Сонымен қатар, БАҚ марқұмның қабырғасы сынған деген ақпарат таратқан болатын. Марқұм ешқандай хат қалдырмаған. Олигархтың туысқандары оның соңғы кездері жақсы көңілде болғанын, тіпті жазғы демалысын жоспарлап жүргенін айтады. Бірақ іскердің күзетшілері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Березовский соңғы кездері көңілсіз, өлім жайында жиі сөз ететін дейді олар. Істің соңғы нүктесін сот қоймақ.