Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде құтқарушылар сең үстінде қалып қойған төрт оқушыны құтқарды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1187

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары сең үстінде қалып қойған төрт оқушыны құтқарды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 және 15 жас аралығындағы балалар сәрсенбі күні Ертіс өзеніндегі темір жол көпірі аумағында мұз үстімен арғы жағаға өтпек болған. Сол сәтте мұз опырылып, оқушылардың өміріне қауіп төнген болатын. Құтқарушыларды оқиғаның куәгерлері шақырған. Құтқару операциясына 15 минут уақыт кетті. Балалар дін аман.