Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан Голландия чемпионатының 29-шы тур ойындары басталды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1263

Футболдан Голландия чемпионатының 29-шы тур ойындары басталды. Соңғы уақытта қарқыны мықты «ПСВ» командасы кезекті жеңісін тойлады. Бұл сында Филипп Кокудың шәкірттері «Рода» клубын қабылдап, ірі есеппен басым түсті.

«ПСВ Эйндховен» командасы жанкүйерлерін тағы да қуантты. Бұған дейін қонақта «Витес» клубын айналып өткен Филипп Кокудың шәкірттері бұл жолы «Рода» футболшыларын қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті. Бұл ойындағы алғашқы голды алаң иелері Юрген Локадияның көмегімен бірінші таймның 14-ші минутында соқты.

Қарымта шабуылға шыққан қонақтар үзіліске дейін есепті теңестірді. Қорғаушылар қателігін ұрамтал пайдаланған Митчел Паулиссен мүлт кетпеді.

Бірақ, «Рода» футболшыларының қуанышы көпке созылмады. Үзілістен кейін үлкен күшпен алға ұмтылған алаң иелері есепті еселеді. Голдың авторы Руис.

Екі голмен шектеліп қалмаған «ПСВ» командасы кездесу аяғына қарай есепті ұлғайтты. Бұрыштама добына биік секірген Джефри Бума бұл ойындағы соңғы нүктені қойды. Бұл жетістігінен кейін 53 ұпай жинаған «ПСВ» командасы турнир кестесінің екінші сатысына көтерілді.

Самат ҚАНАҒАТОВ