Русский Сайттың толық нұсқасы

Лаңкестерге қаржы жұмсап, қылмыскер атанған азамат

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1369

Радикалдық діни топтардың қатарына кіремін деп оңбай адасты. Лаңкестерге қаржы жұмсап, қылмыскер атанған азамат.

«Террористерге қаржылай қолдау білдірді» деген айыппен жазасын өтеп жатқан Рахмет Битембаев біздің арнамызға арнайы сұхбат берді. Ол Орал қаласында қапаста отыр. Жазасын өтеуші кінәсін темір тордың ар жағында ғана түсінген. Кеш болса да радикалдық идеялардың жалаң екеніне, аударған қаражаты теріс пиғылды терроршылардың қалтасына кетіп жатқанына көзі жетіпті.

Рахмет Битембаев
, жазасын өтеуші:

Шүкір етем Аллаға, шықсам енді. Көп нәрсені түсінгеніме, өкінбеймін. Енді әрі қарай Қазақстандағы жас балаларға құрттай болса да бір көмегімді тигізгім келеді. Сондай мақсаттарым бар да енді.

Кінәсін кеш түсінсе де, адал жолға бет бұрған жазасын өтеушінің ағынан жарылған әңгімесінің толық нұсқасын сенбі күні 20:30-да «20:30. Біздің уақыт»-тан көріңіздер.

Жұрағат БАМАН