Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда өгей қызын зорлаған әке 11 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 2452

Оралда өгей қызын зорлаған әке 11 жылға сотталды. Батыс Қазақстан облысының, Зеленов ауданы, Чиров ауылында тұратын ерлі-зайыптылар бұл қызды 2012-шы жылы патронатты тәрбиеге алып, бауырына басқан екен.

Сот отырысы жабық жағдайда өтті. 2013-жылы оқуға түскен қыз кейін өзін асырап алған ата-анасының Орал қаласындағы пәтерінде тұрады. Сот залында оқылған деректерге сенсек, сол кезде отағасы өгейлігін таныта бастапты. Қаладағы пәтерде екеуінің оңаша қалғанын пайдаланған өгей әке қорғансыз қызға күш көрсетіпті.

Ерлі-зайыптыларға заңмен бекітілген ата-аналық құқын дұрыс атқармағаны үшін 5 АЕК көлемінде айып салынды. Ал кінәсін мойындаған отағасы өз жазасын темір тордың ар жағында өтейтін болады.

Айжан Қабылова, БҚО сотының баспасөз хатшысы:

Сот айыпталушыны ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлімімен кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі колонияда өтемек.

Еркін ҚАРИН