Барак Обаманың рейтингі түсіп кетті. Бұған
әлемдік саясаттағы соңғы оқиғалар мен оның мәлімдемелері әсер еткен.
Сауалнамаға қатысқандардың 57% Обаманың әлемдік саясаттағы әрекеттерін
жақтырмаған. Көбісі өзге елдерге қатысты
санкцияларын сынапты.
Ақпарат құралдары өткізген сауалнама нәтижесінде америкалықтардың 41% ғана
Обаманың жұмысын оң бағалады. Бұл оның президенттік
мерзіміндегі ең төменгі нәтиже.
Шет елдерге АҚШ әлеуетін көрсете алмай
келеді дейтін, республикалықтардың сынына қарамастан, бұрын-соңды оның рейтінгі 50% деңгейінде болатын. Ал 2008 жылғы
ұлықтау рәсімі кезінде бұл көрсеткіш 80-83%-ға жетіп, Джон Кеннедиден асып
түскен еді.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА