Русский Сайттың толық нұсқасы

Американдықтардың Обама саясатына көңілі толмайды

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 966

Барак Обаманың рейтингі түсіп кетті. Бұған әлемдік саясаттағы соңғы оқиғалар мен оның мәлімдемелері әсер еткен. Сауалнамаға қатысқандардың 57% Обаманың әлемдік саясаттағы әрекеттерін жақтырмаған. Көбісі өзге елдерге қатысты санкцияларын сынапты.

Ақпарат құралдары өткізген сауалнама нәтижесінде америкалықтардың 41% ғана Обаманың жұмысын оң бағалады. Бұл оның президенттік мерзіміндегі ең төменгі нәтиже.

Шет елдерге АҚШ әлеуетін көрсете алмай келеді дейтін, республикалықтардың сынына қарамастан, бұрын-соңды оның рейтінгі 50% деңгейінде болатын. Ал 2008 жылғы ұлықтау рәсімі кезінде бұл көрсеткіш 80-83%-ға жетіп, Джон Кеннедиден асып түскен еді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА