Русский Сайттың толық нұсқасы

«Боингтің» жоғалып кетуі елдегі туризм саласына кесірін тигізуде

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 778

Malaysia Airlines ұшағының жұмбақ жағдайда жоғалуы Малай елінің туризміне соққы болатын сыңайлы. Қазірдің өзінде Қытай азаматтары аталмыш елге саяхаттауға бас тартып жатыр. Бұған себеп, жоғалған ұшақтағы 227 жолаушының 153-і - аспан асты елінің азаматтары.

Былтыр Малайзияға 1 миллионнан астам қытай азаматы қыдырып барса, биыл бұл көрсеткіш 20-40%-ға түсіп кетуі мүмкін. Салдарынан корольдік 1,28 миллиард доллар табыстан қағылады. Биыл Малайзия 28 миллион турист қабылдап, 24 миллиард доллар табыс табуды көздеп отыр.

Алайда бұл болжамды қайта қарауға тура келеді. Сауалнама соңғы екі аптада елді қызықтаушылар саны 50%-ға кемігенін көрсетті. Сарапшылар, сұраныс бір жылдан соң қайта пайда болады деп есептейді. Ол үшін Malaysia Airlines зардап шеккендерге өтемақы төлеуде сараңдық танытпауы тиіс.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА