Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда адам саудасы мен құлдыққа қарсы бірқатар жобалар қолға алынбақ

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 2136

Қазақстанда адам саудасы мен құлдыққа қарсы бірқатар жобалар қолға алынбақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының елге арнайы шақырылған баяндамашысы Гульнар Шахинян аталған мәселе турасында мемлекеттік ведомство басшыларымен кездесу өткізді.

«Қазіргі таңда әлемде 20 миллионнан астам адам құлдықта. Адам саудасы проблемалары да шаш етектен. Бүгінде Қазақстан үкіметі елдегі құлдық мәселесін жоққа шығармай, керісінше ахуалдың алдын алу бойынша іс-шараларды қолға алуға бел буды. Бұл өте маңызды», - деді Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамашысы.

Гульнар Шахинян
, БҰҰ арнайы баяндамашысы:

Мен жылдар бойы Қазақстандағы ахуалды сараладым. Құлдықта жүрген адамдар көбінесе елдің оңтүстігінде, темекі өндіру және мақта шаруашылығында байқалады. Сіздердің мемлекеттеріңіз қазір құлдыққа қарсы арнайы заң жобаларын әзірлемек. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан барынша қолдауға ниеттіміз.

Жұрағат БАМАН