Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей ҚР шекарасынан 100 км жерге зымыран кешенін орнатады

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 1359

Ресей Қазақстан шекарасына әйгілі «Искандер-М» ракета кешендерін орналастырмақшы. Бұл жөнінде «Известия» басылымы жазады.

Осы арқылы Мәскеу өзін және Кеңес Одағында болған елдерді Орта Азиядан келетін қатерден қорғамақ. Әсіресе, Ауғаныстаннан қауіп төнуі мүмкін. Өйткені, жақын арада Америка өз әскерін ауған жерінен алып шығады. Әскери зымырандар қоймалары жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Олар қазақ шекарасынан 100 шақырымдық қашықтықта орналасады.

Алайда керек болған жағдайда, ракеталарды қазақ жеріне шұғыл жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл туралы біздің үкіметпен келісім жасалған. Және ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы құжаттарында да рұқсат берілген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ